Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

2021 жылдың 19 қаңтар 2021 17:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерциясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Дмитрий Медведев Елбасыны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Nur Otan» партиясының айқын жеңіске жетуімен құттықтады. Сондай-ақ ол дауыс беру нәтижелері жалпыұлттық сенімді және партияның елді өркендетуге бағытталған стратегиялық бағдарын қолдайтынын көрсеткенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық және одақтастық қатынастарының рухы мен мазмұнына сай келетін «Nur Otan» мен «Единая Россия» партияларының арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде екеніне тоқталды.

Тараптар алдағы уақытта да екі елдің басты партиялары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету және кеңейту жөнінде пікір білдірді.


Жоғары қарай