Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

2021 жылдың 17 маусым 2021 18:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметімен, соның ішінде елге ауқымды шетелдік капитал тарту, адами әлеует пен креативті экономиканы дамыту бағытындағы жұмыстармен танысты.

Қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Астана» халықаралық қаржы орталығының 2025 жылғы дейінгі даму стратегиясының іске асырылу нәтижелері, сондай-ақ алдағы орындалу жоспары туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы және ұлттық экономиканы дамытудағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының маңызды рөлін атап өтті.


Жоғары қарай