Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрсұлтан Назарбаев 10-20 жыл отырған ректорларды ауыстыру қажеттігін айтты

2019 жылдың 21 тамыз 2019 13:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев университеттерде 10-20 жыл отырған ректорларды ауыстыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ректорлармен жұмыс істеу керек. Бірнеше жыл, 10-20 жылдан отырған ректорлар бар. Білім және ғылым министрі, соның бәрін қара. Қазір біз Қасым-Жомарт Кемелұлымен келістік. Президент (ректорларды – авт) тағайындамайды. Үкімет бөліп.... жасайды. Жұмыс істейтін, балаларға жаны ашитын, білім беретін адамдарды қалдыру керек. Ол кезде барлығы саған шығады. »Ойбай ананы сөйт, мынаны бүйт« дейтіндер шығады», - деді Елбасы Білім министрі Асхат Аймағамбетовке қарата айтқан сөзінде.

Жоғары қарай