Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Нұрлы Жол» бағдарламасы ұлттық жобаға айналады

2021 жылдың 9 қыркүйек 2021 13:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұрлы Жол» бағдарламасы «Қуатты өңірлер: ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына айналады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы автомобиль жолдарының желісі 157 мың шақырымды құрайды. Оның 25 мың шақырымы республикалық жолдар және 71 мың жергілікті, 61 мыңы қала мен елді мекендер арасындағы жолдар. Автожол саласын дамыту үшін біз Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеген болатынбыз. Осы жылдан бастап бұл бағдарлама «Қуатты өңірлер: ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына айналады», - деді Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның дерегінше, 2020 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың 13 мың шақырымға жуығы реконструкцияланды. Бұл республикалық желінің 90 және жергілікті желінің 75 пайызын нормативтік жағдайға жеткізуге мүмкіндік берді.

«Жалпы, Ұлттық жобаға сәйкес республикалық маңызы бар жолдардың 12 мың шақырымын құрылыс және реконструкциямен, ал 11 мың шақырымын жөндеумен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ, жергілікті желі жолдарының 25 мың шақырымына жөндеу жүргізу жоспарланған», - деді ол.


Жоғары қарай