Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрлы жер: Сарқан ауданында 50 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр

2021 жылдың 29 мамыр 2021 20:59

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысының Сарқан ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл соңына дейін көп қабатты 50 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған тұрғын үйдің іргетасы қаланып, бүгінгі күні жұмыс қарқын алған. Онда 45 адам маусымдық жұмысқа тартылып, 10-ға жуық техника жұмыс істеуде. Аталған нысанның аяқталу мерзімі 2021 жылдың соңына дейін жоспарлануда.

«Жалпы, ауданда 2006 - 2019 жылдар аралығында 55 тұрғын үй салынып, баспана кезегінде тұрған азаматтарға берілген еді. Алдағы жылдарда көп қабатты тұрын үйлерді көптеп салуды басты назарға алып отырмыз. Осы арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар әр түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, жеңілдетілген несие арқылы үй-жайға қол жеткізуге мүмкіндік тумақ. Биылғы жылы қала орталығынан заманауи үлгіде салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үй комплексін қолданысқа береміз деп жоспарлап отырмыз», - деді Сарқан аудан әкімінің орынбасары Мынбаев Жомарт.

Сонымен қатар, Сарқан қаласында 2 қабатты 20 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алуға ашық конкурс жарияланды. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 296,53 млн теңгені құрайды.

Айта кетейік, 5 қабатты 50 пәтерлі тұрғын үй жұмысына жалпы сомасы 505,630 млн теңге қаражат бөлінген.


Жоғары қарай