Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

Нұрлан Нығматулин Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 16:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентопқа елдің шығысында орын алған жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өзімнің және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының атынан Түркияда болған табиғат апат салдарынан қаза болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын»,-деп атап өткен Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы қайтыс болғандардың туысқандары мен жақындарына да көңіл білдіре отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестігін жеткізді.


Басты сөздер: Түркия, Оқиға, Парламент,
Жоғары қарай