Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрлан Нығматулин: Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Үкіметтің есебін қарайды

2021 жылдың 18 маусым 2021 13:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бюро отырысындаНұрлан Нығматулин алдағы уақытта өтетін Парламент палаталардың бірлескен отырысына назар аударып, онда Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалатынын атап өтті.

Сонымен қатар, отырыста депутаттар қарауына сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды.

Депутаттар әзірлеген заң жобасы кәсіби көрсетілетін сот-сараптамалық қызметтердің бәсекелес нарығын дамыту үшін жағдай жасай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ, депуттаттарға зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды.

Аталған заң жобасы зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейтуге және зияткерлік меншік саласындағы дауларды объективті шешу үшін жағдай жасауды көздейді.





Басты сөздер: Парламент, ҚР Үкіметі,
Жоғары қарай