Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрлан Нығматулин: депутаттар білім туралы заң жобасына бастамашы болды

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 11:35

НҰР-СҰЛТАН - Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттар әзірлеген білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасын қарайды. Құжат білім беру қызметін ұсынуды бақылауды қоса алғанда, оқу үдерісін жақсартуға бағытталған.

Сонымен қатар, Палатаның алдағы жалпы отырысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы жобасын қарау ұсынылады. Осының қатарында мемлекеттік шекара туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралмақ.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделген.


Басты сөздер: Парламент, Заң,
Жоғары қарай