Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Нұрлан Қылышбаевтың Сенат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды

2021 жылдың 30 желтоқсан 2021 11:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары палатаның жалпы отырысында тиісті қаулыға дауыс берді.

«Нұрлан Наурызұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы өтініш білдірді. Орталық сайлау комиссиясы бұл өтінішті қарап, Сенатқа тиісті ұсыныс енгізді», - деді Палата спикері Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы оның сенатор ретіндегі еңбегі туралы қысқаша мәлімет берді.

«Нұрлан Наурызұлының Алматы облысынан бес жылдан астам депутат болып жұмыс істеді. Осы кезеңде ол Сенаттың заң шығару жұмысына, өңірлердің мәселелерін шешуге белсене қатысып, палата қызметіне өз үлесін қосты. Комитет жұмысын тиімді ұйымдастыруға көп еңбек сіңірді. Сондықтан Нұрлан Наурызұлының депутаттық қызметі үшін алғысымызды білдіреміз», - деді Мәулен Әшімбаев.


Жоғары қарай