Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұрлан Қыдырбаев: Жемқорлар өз әрекеттерінің немен аяқталатынын  жете түсіне бермейді

2020 жылдың 4 тамыз 2020 13:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Қыдырбаев «Antikor.Live» жобасы аясындағы онлайн брифингте бюджет қаражатын талан-таражға салған қылмыскерлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 4-5 жылда көптеген министрлер мен басқа да лауазымды тұлғалар көп мөлшерде ақша жымқырғаны үшін сотталып жатыр. Кейінгі кезде Алдын алу департаменті ашылғаннан кейін алдын ала түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде мұндай қылмыс түрі азайған сияқты. Дегенмен үкіметтің қаражатына қол салғысы келетін ашкөз жемқорлар әлі де жетерлік. Біз олар бойынша жедел жұмыс жүргізіп жатырмыз жатырмыз», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Нұрлан Қыдырбаев.

Оның айтуынша, бес жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда жемқорлар саны азайған.

«Биыл жемқорлық бойынша басқа облыс әкімдері, олардың орынбасарларына қатысты қылмыстық іс тіркеліп жатыр. Президент бізді солармен жұмыс істеуіміз үшін тағайындады. Осы бағыт бойынша жұмыс істеуіміз керек. Барлық департамент басшылары мектептерге барып жұмыс жүргізді. Өзім де үш мектепке, университеттерге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздім. Егер мектептен бастап осындай жұмыс жүргізетін болсақ - қылмыс азаяды. Көбі Қылмыстық кодекстің не екенін, қылмыс жасаудың салдары не болатынын білмейді», - дейді ол.


Жоғары қарай