Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрқанат Райс бокстан әлем чемпионатында молдовалық қарсыласын сүріндірді

2021 жылдың 30 қазан 2021 18:50

БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін, 30 қазанда Нұрқанат Райс екінші жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрқанат 1/16 финалда 75 келі салмақта молдовалық Влад Гаврилюкпен қолғап түйістірді. Шаршы алаң төрінде қазақстандық боксшы сенімді ойын көрсетті.

Қарсыласына соққыны көбірек жұмсады. Нәтижесінде төрт төрешіні оның жеңісіне қолдау білдірсе, біреуі молдовалық спортшының басым түскенін көрсетті.

Осылайша Нұрқанат қарсыласына 4:1 есебімен сүріндірді. Сол арқылы 1/8 финалға жолдама алды.

Сондай-ақ, бүгін күндізгі сессияда Теміртас Жүсіпов (48 келі) сербиялық Омер Аметовичпен қолғап түйістірсе, Нұрбек Оралбай (80 келі) бразилиялық Исаяс Фильомен шаршы алаңға шығады.

Ал кешкі сессияда Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) молдовалық Василий Чеботарьмен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Махмуд Сабыржан (54 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Айбек Оралбай (92 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Әлем чемпионатына ел құрамасында 13 боксшы барды.

Олардың арасынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келі) қарсыластарына жол берді.


Фото: olympic.kz


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай