Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұра өзенінің рұқсат етілмеген жерінде шомылмақ болған 20 жастағы жігіт суға батып кетті

2020 жылдың 14 шілде 2020 07:48

ТАЙТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Целиноград ауданында 20 жастағы жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, әкесімен бірге Нұра өзеніне келген 20 жастағы жігітті аман алып қалуға, су ағынының күшті болуы, шұңқырлар мен құм кедергі келтірген.

«11 маусым күні Тайтөбе ауылының маңындағы Нұра өзенінде (тереңдігі 2 м, ені 15 м) Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары сағат 17-00 шамасында арнайы белгіленбеген орында суға шомылған 20 жастағы жігітті іздеуді бастаған. Сағат 19-45-те оның денесі табылып, судан шығарылды»,-делінген Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтерінде.


Автор Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай