Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Нұр-Сұлтанның сауда орталықтарының бірінде әйел адам қайтыс болды

2020 жылдың 27 наурыз 2020 18:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі «Әлем» сауда үйінде қайтыс болған әйел туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін әлеуметтік желіде «Әлем» сауда орталығында бір әйелдің қайтыс болғаны туралы видеожазба пайда болды.

«27 наурыз күні сағат 12.27-де «Әлем» сауда үйінің бірінші қабаттағы павильонында 70 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Мәйітте ешқандай дене жарақаты болмаған. Оның жеке заттарын тексеру барысында бас айналудан, бүйректің созылмалы қабынуынан, гипертония мен бас ауруларынан таблеткалар табылды», - делінген депаратменттің ресми хабарламасында.

Сонымен бірге, марқұмның қант диабеті және артериалдық гипертензия аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрғандығы анықталды.

«Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», - дейді департаменттің баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Эльмира Шауленова.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай