Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанға коронавирус пен пневмонияға қарсы 2,5 млн дәрі-дәрмек жеткізілді

2020 жылдың 25 шілде 2020 18:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанға ұшақпен COVID-19, пневмония және басқа да бірқатар ауруларға қарсы 2,5 млн дәрі-дәрмек жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде 550 мың қорап парацетамол мен ибупрофен, 300 мыңнан астам антикоагулянттар қаптамасы – ксарелто мен аспирин бар.

Сондай-ақ 1,4 млн бактерияға қарсы препараттар қаптамасы: азитромицин, цефтриаксон, левофлоксацин, велпенем; 30 мың вирусқа қарсы препараттар және басқалар бар.

Шілденің ортасынан бастап қалаға 110 тоннаға жуық дәрі-дәрмек жеткізілді. Тексеруден кейін (1-2 күн) дәрі-дәрмек дәріхана желілеріне таратылады.

Бұл жүк - гуманитарлық көмек емес.

Әкімдік дәрі-дәрмекті сатып алуға және тасымалдауға көмек көрсетіп, дәріхана желілерінің дистрибьютерларына айналым қаражатын бөледі. Қала ауруханалары мен емханаларында дәрі-дәрмек қоры бар, олар уақтылы толтырылып отырады.

Медицина мекемелеріне қосымша медициналық жабдықтар – 150 флуометр, 350-ден астам оттегі концентраторы, 500 арнайы кереует жеткізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және қосымша медициналық құралдарды сатып алу жұмысы тұрақты жүргізіліп отыр.





Жоғары қарай