Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтандағы жәрмеңке: Ақмола 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін әкелді

2021 жылдың 30 қазан 2021 12:50

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елордада Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық кешенінің жанындағы алаңда өтіп жатқан жәрмеңкеде өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 420 миллион теңгеге жуық сомаға 500 тоннадан астам өнімін ұсынды.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары 50-ден астам азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен бағамен сатып алып жатыр. Мысалы, сиыр еті 2000 теңгеден, жұмыртқа 43 теңгеден, картоп 140 теңгеден сатылуда.

Ақмолалық шаруалар жәрмеңкеге барлығы 123 тонна ет және шұжық өнімдерін, 50 тонна сүт және сүт өнімдерін, 8 тонна жаңа балық, 394 мың дана жұмыртқа, 13 тоннадан астам ұн, 164 тонна картоп, 54 тонна көкөніс, 3 тоннадан астам кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін және 3 тонна басқа бакалея өнімдерін әкелді.




Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықовтың айтуынша, елорда тұрғындарына өңірдің өнімі таныс.

«Біздің тауар өндірушілер елорда нарығына өз өнімдерін тұрақты жеткізіп тұрады. Олардың арасында сұраныс жоғары «Гормолзавод» ЖШС және «Родина» ЖШС сүт өнімдері, «Бижан» ЖШС шұжық өнімдері бар. Сондықтан, таңертең жәрмеңкеде халық қарасы көп болды», - деді Ғалымжан Әбдіқалықов.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отырып өтіп жатыр.

Жәрмеңкеге тұрақты келуші Виталий Казанцев қалаған сүйікті тауарын тиімді бағамен сатып алу үшін жәрмеңкеге ерте келген.




«Ақмола облысының өнімі қайталанбас дәмімен танымал. Жыл сайын мен міндетті түрде ет пен май сатып аламын. Бүгін әдейі ерте келдім. Азық-түліктің сапасына өте ризамыз», - деп бөлісті тұрғын.

Айта кетейік, өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елорда нарығына азық-түлікті үздіксіз жеткізіп келеді. Қала тұрғындарының ет пен сүтке деген сұранысы үштен бірге, жұмыртқа бойынша 90 пайызға қамтамасыз етіледі.

Жыл басынан бері елорда нарығына шамамен 100 мың тонна сүт өнімдері, 23, 5 мың тонна ет өнімдері, 202 миллион дана жұмыртқа жеткізілді.




Елордада AQMOL мамандандырылған дүкендері жұмыс істейді, онда ақмолалық тауар өндірушілердің өнімдерінің бағасы басқа дүкендерге қарағанда 10-30 пайызға төмен.

Ақмола облысы елордадағы өңірлік жәрмеңкелер циклын аяқтайды.





Жоғары қарай