Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұр-Сұлтандағы көшелердің бірі 1 қыркүйекке дейін  жабылады

2020 жылдың 15 тамыз 2020 03:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Дауылпаз көшесі1 қыркүйекке дейін жартылай жабылады. Бұл учаскедегі жылдамдық 40 км/сағатқа дейін шектелген, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Дауылпаз көшесінде Б. Момышұлы даңғылынан Майқайың көшесіне дейінгі көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін екі бағытта да жабық. Бұл Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейінгі учаскеде басты нөсер кәрізі коллекторын салу жұмыстарымен байланысты.

Көлік қозғалысы үшін жабық учаскені айналып өту уақытша схема бойынша ұйымдастырылады.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жүргізушілерге кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауды ұсынады.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Жол,
Жоғары қарай