Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Нұр-Сұлтандағы «AQMOL» дүкендер желісінде 300 тонна өнім сатылды

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 04:24

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақмола облысының «AQMOL» фирмалық дүкендер желісінде 500 млн теңгенің 300 тонна азық-түлік өнімі сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, елорда тұрғындарына ақмолалық тауар өндірушілердің өнімдерін тікелей жеткізу бойынша «AQMOL» фирмалық дүкендер желісі құрылды. Осының нәтижесінде елорда тұрғындары нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан азық-түлік өнімдерін сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

«Бүгінгі таңда 5 дүкен жұмыс істейді. 2019 жылы мұнда жалпы құны 495 миллион теңге болатын 290 тоннадан астам азық-түлік өнімі сатылды.

Елорда агломерациясын дамыту шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласынан шыға берісінде және кіре берсінде «AQMOL» сауда желісін кеңейту жоспарда бар», - дейді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Жалпы, 2019 жылы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер ел астанасындағы базарларға 113,6 мың тонна сүт өнімін, 28,6 мың тонна ет және ет өнімдерін, 276,5 миллион жұмыртқа жеткізді. Облыс елорданың сүтке деген сұранысының 34 пайызын жабады.

«Үкімет бекіткен елорданың айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру бойынша Жол картасы шеңберінде 2021 жылға дейін 7 200 басқа арналған 5 тауарлы сүт фермасын ашу жоспарланған. Сондай-ақ, тамшылатып суару жерлерінің көлемін 18 мың гектарға жеткізу мәселесі де назарда. Елордаға жеткізілген азық-түлік өнімдері «Метро», «Астықжан», «Магнум», «Рамстор» және «Еуразия», «Әлем», «Шапағат» тәрізді 44 ірі сауда орындарында сатылады», - деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетейік, Ақмола облысы республикадағы ірі аграралы өңірлердің бірі саналады. Өңірде ұн тарту өнеркәсібі дұрыс жолға қойылған. Сондықтан, облыс елорда тұрғындарының ұн мен жұмыртқаға деген сұраныс толық жаба алады.

Бұдан бөлек, өткен жылы ақмолалық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 102 мың тоннадан астам картоп, (сұраныстың 92 пайызы), 30,3 мың тоннадан астам көкөніс (сұраныстың 30 пайызы) жеткізді.

Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақта 140,1 мың тонна ет, 396,1 мың тонна сүт, 860,4 миллион дана жұмыртқа өндірілді. Ірі қара саны 1,8 пайызға (430,2 мың басқа дейін) , құс саны 7 пайызға (8,1 миллион басқа дейін) көбейді.

Жоғары қарай