Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда жолаушыларға автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынды

2020 жылдың 3 тамыз 2020 18:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада қатаң санитарлық шаралар сақтала отырып, қоғамдық көлік жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі сайтының жазуынша, бүгін, 3 тамызда елордада қоғамдық көліктер қайта жүре бастады. Сонымен бірге, CTS қызметкерлерімен маршруттардың деректерге негізделген жұмыс жүктемесін және қозғалыс кестелерін модельдеу бойынша талдау жүргізілді.

«Бүгін қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады, бірақ әзірге жедел маршруттар мен қала маңындағы маршруттардың қозғалысы тоқтатылды. Көліктік бақылау қызметкерлері қоғамдық көліктерде маска тағу тәртібінің сақталуын қадағалауда. Жүргізушілердің маска тағуы, автобустарда дезинфекция құралдары болуы қадағаланады. Жағдай тұрақты. Жолаушылар легі орташа деңгейде сақталуда», - деді «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сейітов.

«Біз жұмысымызды сағындық. Барлық жолаушылар санитартия талаптарын сақтайды. Адамдар маскасыз кіріп жатқан жоқ», - дейді № 1 автобус паркінің жүргізушісі Мейрам Дәулетбеков. Хабарланғандай, 1 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов карантин кезеңіндегі қоғамдық көліктердің дайындығымен танысты. Жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтініші бойынша 3 тамыздан бастап автобустардың қозғалысы қайта жанданды. Автобустар сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін жүреді. Автобусқа отырғызу тек алдыңғы есік арқылы жүзеге асырылады. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жасалады. Автотұрақтардың жұмысын жақсарту үшін 100 электр автобусы сатып алынып, тапсырылды, қала тұрғындарының тілектері ескеріліп, жаңа бағыттар ашылды. Көліктік бақылау департаменті күн сайын қоғамдық көлікте санитария нормаларын сақтау бойынша рейд жүргізеді.



Жоғары қарай