Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда йога мен фитнес жаттығуларының тегін сабағы өтеді

2021 жылдың 11 маусым 2021 20:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін жаз мезгілінде йога, фитнес жаттығулардан арнайы тегін сабақтар өтеді. Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтетін тегін сабақтарды кәсіби жаттықтырушылар мен фитнес нұсқаушылар жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Басқарманың бұқаралық спорт бөлімінің бас маманы Ақерке Өтегенова алғашқы жаттығу алдағы демалыс күндері ашылатын «Demalys promenad» көшесінде басталатынын айтты.

«Тегін сабақтар мен жаттығулар 12 маусым күні ашылатын «Demalys promenad» демалыс көшесінде бастау алады. Сонымен қатар аталған көшеде спортшыларымыз киокушинкай каратэ, муай тай, таэквандо, көркем гимнастика секілді спорт түрлерінен шеберлік сабақтарын өткізеді. Сондай-ақ «Қолжетімді спорт» бағдарламасы аясында елорда тұрғындарына фитнес, жүгіру, воркаут, зумба, йога, тыныс алу гимнастикасы, скандинавиялық жүріс секілді спорт түрлерінен кәсіби жаттықтырушылармен сабақтар ұйымдастырамыз. Сабақтар қаламыздың барлық саябақтары мен шалғай аудандарды да қамтитын болады», — деді спорт басқармасының өкілі.

Сабақтардың кестесін басқарманың әлеуметтік желідегі парақшаларынан (@sport_nursultan) және 55-75-61 байланыс нөмірінен білуге болады.





Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай