Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда ВАЗ жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

2021 жылдың 23 қараша 2021 21:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда «ВАЗ 21140» жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешкі сағат 19:26-да 37 жастағы «ВАЗ 21140» көлігінің жүргізушісі Құдайбердіұлы көшесінің бойымен келе жатып, Жансүгіров көшесімен қиылыста бағдаршамның қызыл түсіне жүріп, белгіленген жерден бағдаршамның жасыл түсіне жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта аталған факті тергеу жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді сақ болуға, жол ережесін бұзбауға шақырады.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам, Оқиға,
Жоғары қарай