Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда вакцина алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады

2021 жылдың 26 шілде 2021 20:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Пәтер ұтысының ойынына 25 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның қорытындысы қыркүйек айының басында жарияланады. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі, вакцина алғандарға құжат толтыру талап етілмейді. Оған қаладағы кез келген вакцинация пунктінде екпе алғандар қатысады.

Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін Birge платформасында арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцинациядан өткендердің ID генерациясымен таңдайды.

Оны әзірлеуге IT-қауымдастық атсалысты. Бұл сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Ал MEGA Silk Way СОО вакцинация пунктінде екпе алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі апта сайын тікелей эфирде iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізеді.

Бағалы сыйлықтың бәрі демеушілер есебінен ойнатылады.

Ұтыс ойындары азаматтарды вакцина алуға ынталандыру үшін өткізіледі.

Санитарлық нормалар мен вакцинация сіздің денсаулығыңызды, айналаңызды және жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

Вакцинация арқылы ғана ұжымдық иммунитет қалыптасады.

Ұжымдық иммунитет елорда мен тұрғындарын ешбір шектеусіз, карантинге дейінгі қалыпты режимге қайта оралуға мүмкіндік береді.


Жоғары қарай