Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды

2021 жылдың 21 шілде 2021 22:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер, яғни алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғындардың өз ақшасына сақ болуын және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тарту керектігін ескертеді.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілгендей үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Туындаған сұрақтар бойынша «Нұр-Сұлтан Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-ге, яғни Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 8 мекенжайына жүгінуге болады. Ақпаратты телефон арқылы да алуға болады: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30.

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі төменде көрсетілген:

Тапсырыс беруші

Объектінің атауы

1

«BS Company» ЖШС (Би Эс Компани)

Жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үйі Комсомольский т.м., Қыз Жібек көшесі, 30/1

2

«White Gold Development» ЖШС

Салынған үй-жайлары және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, № 26 және № 36 жобалық атауымен тұйық көшесі

3

«General Capital Company» ЖШС

Салынған үй-жайлары және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені Қабанбай батыр даңғылы мен 277 көшесінің қиылысы

4

«Dicoldi Partners» ЖШС

Коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені

Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Шарбақты к-сі, №36 учаскесі

«Ақыртас»

5

«Асыл тас инвест construction» ЖШС

Коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені

Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Ж. Нәжімеденов, А. 85 және А86 көшелерінің қиылысы

«Sancy»

6

«International invest Company IIC» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені Е 305 көшесі

7

«Transcapital» ЖШС

Салынып жатқан жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Е 344 көшесі, № 5 учаскесі

«Gold Land»

8

«АзияЦентрСнаб» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені Алматы ауданы, А91 және А92 көшелерінің қиылысы ауданы

«Жулдыз»

9

«Азия» ЖШС

Салынған үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы. Сыртқы және инженерлік желілерсіз.

Е547 және Е567 көшелері

10

«NUR-Tas-2020» ЖШС

А 83 және А 84 көшелері арасында салынған жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені

11

«Актас-М» ЖШС

Паркингі бар көп функционалды-әкімшілік-тұрғын үй кешені. Уәлиханов-Ақмола-Гастелло-Тархан көшелерінің шаршысында 1-кезек.

12

«Строительная фирма Astana Building» ЖШС

Жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені. Б және В блоктары. ж.м. Өнеркәсіптік оңтүстікке қарай, Ж. Нәжімеденов көшесі

«Ордабасы»

13

«Белая гора» ТҚК

Коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені

Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 34/2

«Silk way»

14

«Градум Строй» ЖШС

Көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Ш. Қалдаяқов, №44 көшелердің және Тәуелсіздік даңғылының қиылысы

«Золотая миля»

15

«Техмонтажстрой» ЖШС

Көп функционалды тұрғын үй кешенінің 1-кезегін салынуы, Тәуелсіздік даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің қиылысы

16

«Байтас инвест» ТҚК

Көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Комсомольский т.а., Ақан сері к-сі, №53 учаскесі

«One house»

17

«Ер-Тау» ЖШС

Көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Сарыарқа ауданы, Кенесары мен Т.Шевченко көшелері

«Шавгар»

18

«БестМет» ЖШС

Тұрғын үй кешені, Сарыарқа ауданы, Көктал тұрғын алабы, Ұлытау көшесі,

жер телімі 44

«Tulpar City»

19

МТС құрылыс компанияларының тобы

«KENAR Invest» ЖШС

Көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы мен Ш. Айтматов, Е367, Е431 көшелері шаршысында

20

Хасенова Бибисара Закириевна

ЖҮ және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Тельман т.а., Е 116 к-сі

21

«Жер Билдинг» ЖШС

Салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені және паркингі бар бизнес орталық

Есіл ауданы, Е 430 көшесі

«Табысты»

22

«Арзан 777» ЖШС

«А. Байтұрсынов және А85, А86 көшелерінің қиылысындағы жапсарлас үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені

»Алтын Отау«

23

«РДМ-СЕРВИС» ЖШС

(Стройкласс құрылыс компанияларының тобы)

Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е 126 және Е 182 көшелерінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені (жобалық атауы)

«Hokkaido» (Хоккайдо)

24

«Елімай сити» ТҚК

(Стройкласс құрылыс компанияларының тобы)

Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешені,

Қорғалжын тас жолы / Е 128 көшесі

«Satti Jol»

25

«Mainstreet» ЖШС

Алматы ауданы, Б. Майлин 6 көшесі бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешені

«Парус»

26

«Береке Қурылыс 2030» ЖШС

«Коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй», Нұр-Сұлтан қаласы, Пригородный тұрғын алабы, Қабанбай батыр даңғылы ауданы

27

«Astana Real Estate Сомраnу» ЖШС

ASTI Group Құрылыс компаниялары тобы

Көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, А 62 көшесі

28

«Астана – Таза су» ЖШС

Көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы мен Е418 көшесінің қиылысы

29

«Проектная компания Астана Девелопмент» ЖШС

Жапсарлас үй-жайлары және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені

1-кезек, 4-полигон, 5-тұрғын үй тобы

Жаркент к-сі, 26

30

«Garant Investment» ЖШС

Жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысы аумағы

31

«Аруана - ХХI» ЖШС

Көппәтерлі тұрғын үй кешені, Сарыарқа ауданы, Көктал тұрғын алабы

«Даулеткерей»


Басты сөздер: Құрылыс, Тұрғын үй, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай