Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұр-Сұлтанда ҰБТ үш университеттің базасында өтеді

2020 жылдың 11 маусым 2020 23:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елордада ұлттық бірыңғай тестілеу былтырғыдай күнара емес, күн сайын өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтандағы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 20 маусым мен 5 шілде аралығында үш университетте өтеді: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2 589 оқушы, 13 аудитория), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (1818 оқушы, 7 аудитория) және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (1884 оқушы, 13 аудитория).

«Бүгінде ҰБТ қатысушыларының мәліметтер базасы бар, сәйкестендіру кодтарын беру рәсімі өтті. ҰБТ өткізу орындары барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы.

Биыл қатысушылар саны екі есе артты. Соған байланысты былтырғы оқу жылындағыдай күнара емес, әр күн сайын өткізіледі.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, ҰБТ,
Жоғары қарай