Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің ауласында екі адамды пышақтап кетті

2020 жылдың 26 қаңтар 2020 14:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада тұрғын үйлердің бірінің ауласында екі адамды пышақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтанда болған жаппай төбелестің видеосы тарады.

Анықталғандай, оқиға 23 қаңтар күні кешкі сағат жеті шамасында болған. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 5 адамды ұстады. Олар бір топ достарымен тұрғын үйдің ауласында жанжал шығарған. Конфликтке қатысушылардың бірі сол үйде тұрған.

«Жанжалдың соңы жаппай төбелеске ұласқан. Оның барысында ұсталғандардың бірі екінші тараптағы екі адамға пышақ сұғып алған. Осыдан кейін төбелесті шығарғандар екі көлікке отырып, іздерін суытқан. Полицейлер бірнеше сағаттың ішінде олардың тұлғаларын анықтап, қолға түсірді. Пышақ салған күдікті Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізілді. Тергеу жүргізілуде», - делінген ақпаратта.





Фото: polisia.kz


Жоғары қарай