Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда туберкулез ауруы бес есе азайды

2021 жылдың 4 наурыз 2021 15:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы он жылда елордада туберкулез ауруы мен туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2010 жылы туберкулездің 765 жаңа жағдайы тіркелсе, 2020 жылы – бұл көрсеткіш 393 жағдайға дейін төмендеген. Туберкулезге қарсы қызметтің жетістіктері қаладағы медициналық ұйымдардың және қаланың көптеген бөлімдері мен құрылымдарының жүйелі қызметімен байланысты», - деп толықтырды Әлия Рүстемова.

Қазіргі уақытта елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында қала тұрғындарын профилактикалық флюорографиялық тексеруден өткізу үшін 16 стационарлық және 4 жылжымалы флюорографиялық қондырғы бар.

«Туберкулезді диагностикалаудың сезімтал гендік-молекулалық әдістерінің көмегімен туберкулез болуы ықтимал пациенттерді тексеру үшін Нұр-Сұлтанда төрт аппарат бар: оның үшеуі медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында және біреуі қалалық фтизиопульмонология орталығында тұр. Бұл зерттеу екі-үш сағат ішінде патогеннің болуын анықтауға және дәрілерге сезімталдықтың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді», - дейді Ә. Рүстемова.

Сонымен бірге, спикер амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатқан туберкулезбен ауыратын науқастарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау туралы айтып берді. Бұған дейін көмек азық-түлік пакеттері мен жол карталарын бөлу түрінде болса, 2019 жылдың екінші жартысынан бастап – 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлемдер беріледі.


Жоғары қарай