Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтамаған 52 нысан жабылды

2020 жылдың 3 маусым 2020 20:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда 1-3 маусым аралығында санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 130-ға жуық нысан жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

3 маусымда мониторинг аясында 150 нысан тексеріліп, оның 52-сі жабылды. Жабылған нысандардың ішінде дәмханалар, мейрамханалар, барлар (кальян ұсынғаны үшін), сұлулық салондары, көлік жуу және басқа объектілер бар.

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлер және эпидемиологтармен бірге күн сайын рейд жүргізеді.

Бұған дейін саннормаларды сақтамағаны үшін жабылған нысандар қатаң ескертуден кейін санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақтай отырып жұмысын қайта бастады. Мұндай қатаң шара коронавирустың таралуына жол бермес үшін қабылданды.

Елордада маска тағу режимі әлі де сақталуда. Автобустар, дүкендер және басқа да адам көп жиналатын жабық жерлерде маска киіп, арақашықтық сақтап, антисептикті пайдалану қажет.

Тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамаса, қалада күшейтілген карантин режимін енгізуге тура келеді.


Жоғары қарай