Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынуда

2020 жылдың 7 тамыз 2020 12:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінің ресми сайты жариялағанындай, үйлер сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй қатарына жатады. «Қолжетімді баспана мұғалімдер мен дәрігерлер арасында бөлінеді. Биыл берілетін пәтер саны — 1 мыңға жуық. Бүгін Абайдың 150 жылдығы, Шұғыла, Қосшығұлұлы, Торайғыров көшелерінде, Төлебаев және Шарбақты көшелерінің қиылысында және Тілендиев даңғылында орналасқан үйдің құрылысы барысымен таныстым», - деп жазды Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында. Бұдан басқа, кезекте тұрған (халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін тұрғын үй салу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Келесі жылдарға бағытталған дайындық жұмыстары да басталды.




















Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Тұрғын үй,
Жоғары қарай