Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда қызметкерлер үшін міндетті ПТР-тест талабы енгізілмек

2021 жылдың 22 маусым 2021 16:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында Нұр-Сұлтан қаласында карантинді күшейту жөніндегі ұсыныс қолдау тапты.

Нұр-Сұлтан қаласында «Дельта» («Үнді») штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты Ведомствоаралық комиссия ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігеріне карантиндік режим бойынша мынадай қосымша шаралар қабылдауды ұсынды:

- COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар) үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізу);

- КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімі жоқ азаматтар) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабын енгізу;

Еске салсақ, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.
Жоғары қарай