Нұр-Сұлтанда коттедж өртенді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада коттедж өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
10 наурыз күні сағат 18:53-те «101» пультіне Қонаев көшесінің бойындағы екіқабатты коттеджден («Musan Group» ЖШС кеңсесі) өрт шыққаны туралы хабар түсті
Оқиға орнына елордалық ТЖД күш-құралдары жіберілді. Жеке құрамнан 21 адам және 5 өрт сөндіру техникасы тартылды. Өрт сөндірушілер барған кезде төменгі қабаттың керілген төбесі мен есіктер жанып жатқан.
Айта кетейік, 15 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 19:17-де сөндірілді. Ешкім зардап шекпеген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.