Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Нұр-Сұлтанда коронавирус табылған тұрғындардың үйі неліктен карантинге жабылмағаны белгілі болды

2020 жылдың 24 наурыз 2020 19:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус табылған тұрғындар тұрған үйлердің неліктен карантинге жабылмағаны белгілі болды. Оның себебін «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, министрдің атына жолданған сауалдардың бірінде Алматыдағыдай Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйлер карантинге оқшауланбағаны айтылады. Есте болса, Алматыда коронавирус табылған тұрғындар тұрған үйлер карантинге жабылған болатын

«Нұр-Сұлтан қаласы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар ұшақ бортынан байланысты болған жолаушылармен бірге стационарға жеткізілді. Егер эпидемологиялық тізбек тұрғын үйге алып келетін болса, онда мұндай шаралар қарастырылатын болады», - деді Дәурен Абаев.


Жоғары қарай