Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұр-Сұлтанда коронавирус науқастарын емдейтін тағы бір стационар жабылды

2020 жылдың 1 тамыз 2020 02:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Рамада Плаза» ғимаратында орналасқан жұқпалы аурулар стационары жабылуда. Бүгін бұл жерден коронавирус инфекциясы және пневмониямен ауырған соңғы 20 науқас шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№3 қалалық көпсалалы аурухананың терапевті Дәурен Молдажановтың айтуынша, 1 шілдеден бастап осы ауруханада COVID-19 ауруы бар 1 мыңға жуық науқас емделген.

«Бұл стационар өз міндетін толық орындады. Нұр-Сұлтан әкімдігі оттегі концентраторларын жеткізді. Науқастарды күту үшін барлық медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмек болды. Бұл бізге жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді», – дейді Д.Молдажанов.

Зейнеткер Бибіжан Қаппарова көп адамдар сияқты аурудың алғашқы белгілері байқалғанда өз бетінше емделген. Бірақ көп ұзамай сырқатты медициналық көмексіз жеңе алмайтынын түсінген.

«Мен сегіз күн бойы үйде емделдім. Содан кейін ғана жедел жәрдем шақыруға шешім қабылдадым. Мені осы ауруханаға алып келіп, он күн емдеді. Дәрігерлеріме, барлық медицина қызметкерлеріне алғысым шаксіз. Өздеріне төнген қатерге қарамастан басқалардың өмірін сақтап қалғандарыңыз үшін рахмет! Бізде осындай жауапкершілікті, адам жанына араша болар жас мамандардың барына қуаныштымын!» – дейді Бибіжан апа.

Жалпы, қалада COVID-19-ға қарсы күреске 16 стационар жұмылдырылған. Естеріңізге сала кетейік, 27 шілдеде Психикалық денсаулық орталығының клиникасынан COVID-19 бар соңғы науқас шығарылды.

Бір жарым айдың ішінде мұнда 1044 науқас емделді. Шілде айының басынан бастап Нұр-Сұлтан стационарларында пневмониямен ауыратындар саны 5 есе азайды.




Қабылданған карантин шаралары мен қала емханаларында амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны 3 есе – күніне 3 мыңнан мыңға дейін, төсек-орын қорының жүктемесі 99%-дан 30%-ға азайды.






Жоғары қарай