Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Нұр-Сұлтанда көне ғибадатхана Гөбеклітепе туралы фотокөрме ашылды

2019 жылдың 29 қазан 2019 20:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада әлемнің ең көне ғибадатханасы, Түркиядағы Гөбеклітепе кешені туралы фотокөрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркия елшілігіне сілтеме жасап.

Фотокөрме Түркия Республикасының 96 жылдығына арналған дипломатиялық қабылдау аясында ұйымдастырылды.




Гөбеклітепе Түркияның Шанлыурфа қаласынан 21 шақырым қашықтықта Өренджик ауылы маңында орналасқан. Алаң 1963 жылы Ыстанбұл және Чикаго университеті бірлесе отырып жүргізген зерттеу жұмыстары кезінде қазылды және оған «V52 неолиттік мекен» деген ат берілді.




Алаңның асқан құнды жәдігер екендігі 1994 жылдан кейін жүргізілген жұмыстардан кейін анықталды. Осы қазба жұмыстарының нәтижесінде Гөбеклітепенің 12 000 жыл бұрын салынған ғибадат орны екені анықталды.







Бұл ғибадатхананы ауылшаруашылығы мен мал шаруашылына дейінгі кезеңде аңшылар тұрғызған деп есептеледі. Аңшылық және диқандар қоғамында, қала тұрмысына әлі қадам баса қоймаған уақытта салынған Гөбеклітепе соңғы уақыттағы «ең ауқымды археологиялық жаңалық» ретінде көрсетілуде. Шамамен 12 мың жыл бұрын қалай жасалғаны белгісіз ғибадатхана Мысыр пирамидасынан 7 100 және Англиядағы Стоунхенджден шамамен 6 600 жыл бұрын салынған.




Гөбеклітепе туралы ғылыми деректер археологияда неолиттік кезеңге қатысты теориялық негіздер мен даталандыруды қайтадан қарауды қажет ететін маңызды мәліметтер береді. Оның орналасқан жері, ауқымы, датасы мен ғимараттарының монументалдығы жағынан неолиттік дәуір үшін бірегей орын екені анықталды.




2018 жылы өткен UNESCO-ның 42 Әлемдік мұра сессия отырысында Гөбеклітепенің UNESCO-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енуі туралы шешім қабылданды.



















2019 жыл Түркияда Гөбеклітепе жылы ретінде жарияланған.

Жоғары қарай