Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда қар жинауға 2 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылған

2020 жылдың 28 қараша 2020 18:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада қардың қалың түсуіне байланысты коммуналдық қызмет жұмысы күшейе түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір көшелерді тазалауға 800-ден астам арнайы техника және екі мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылған.

Әкімдіктің мәліметіне сенсек, Нұр-Сұлтан қаласында қар тазарту жұмыстары кешкі және түнгі уақытта, екі ауысымда жүргізіледі.




Сондай-ақ қар тазарту бағыттары да белгіленеді.

Бірінші кезекте ереже бойынша, кептеліс болмауы үшін, қозғалыс өте көп жерлер тазартылады.

Одан әрі орташа қозғалыс учаскелері – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар қардан тазартылады.

Қала жолдарының жаяу жүретін бөлігі тайғаққа қарсы материалдармен өңделеді, ол қар жауа бастағаннан себіледі.




Бірінші кезекте, көлік қозғалысы үшін ең қауіпті магистральдар мен көшелердің учаскелері - өр және еңіс жолдар, көпірлер, тоннельдер, көше қиылыстарындағы және қоғамдық көлік аялдамаларындағы тежеу алаңдары өңделеді.

Егер бірінші цикл аяқталғаннан кейін де қар жауа берсе, қажетті жұмыс қайталана береді.

Қар қаланың барлық аудандарында орналасқан 11 полигонға шығарылды. Қалада қар жинау 24/7 режимінде жүргізіледі.

Полигондарда бақылауға фото және бейнекамералар орнатылған.

Айта кетсек, өткен тәулікте қаладан 8 мың текше метр қар шығарылды.











Басты сөздер: Ауа райы, Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай