Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұр-Сұлтанда қандай көшелерге асфальт төселді

2020 жылдың 7 шілде 2020 04:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда жол құрылысы мен жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл 150 көшені асфальттау жоспарланған болатын, оның 100-і елорданың тұрғын алаптарында. Асфальтталған көшелер арасында 20 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген көшелер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Өндіріс» тұрғын алабының тұрғыны Сәуле Күлмаеваның айтуынша, Қапан Тұйық көшесіне 25 жыл ішінде алғаш рет асфальт төселген.

Астананың тұрғын алаптарында 23 көшеге асфальт төселді: Беласар, Марқакөл, Қарасаз, Нұрлы, Ақберген, Балуан Шолақ, Қырықыз, Маралсай, Желдірме, Құғалы, Қамажай, Ақпан тұйығы, Шырайлы тұйығы, Жолымбет, А.Байтұрсынов, Аққайың, Кеңшалғын, Ақбидай, М. Төлебаев, Сүтбұлақ, Тайсойған көшелері.

Қазіргі таңда тағы 20 көшеде жөндеу жүргізілуде.

Үлкен автомобиль трафигі мен жолдардың тозуы байқалатын орталық көшелерде жалпы ұзындығы 30 шақырымнан астам 27 көшеде жұмыстар аяқталды: Бөгенбай батыр даңғылы, Конституция көшесі, Дүкенұлы көшесі, М.Мақатаев көшесінің жалғасы, Кенесары көшесі, Абай даңғылы, Жеңіс даңғылы, Шұғыла көшесі, Бұқарбай батыр көшесі, Асан Қайғы көшесі, Мәскеу көшесі, «Тұлпар» көпірінің астындағы бұрылыс жолы, Таха Хусейн көшесі, С. Торайғыров көшесі, Достық көшесі, Фахд бен Абдул Азиз көшесі, Угольная көшесінің жалғасы, Қ. Сәтбаев, Түркістан, А. Байтұрсынов, Ақмешіт, 319, Сауран көшесі және басқалар.

Тағы 6 көшеде жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, көшелер мен жолдарды жарықтандыру үшін ЖКУ шамдары (натрий шамымен) заманауи энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстырылуда.

Биыл 10 мың шам ауыстырылады, 3 жылда 37 мың көше шамын ауыстыру жоспарлануда. Бұрын жарықтандырылмаған көшелер де қамтылады. Жобаларды жүзеге асыруға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы ықпал етеді.

ЖҚЖК бойынша 15 мың жұмыс орны ашылып, жол құрылысына 1,5 мың адам тартылады. Жұмысқа орналастыру бірінші кезекте жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүзеге асырылады.


Жоғары қарай