Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда қаламаңы автобустары қатынай бастайды

2020 жылдың 31 мамыр 2020 19:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласынан барлық қаламаңы бағыттарына жолаушылар автобустары қатынай бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық көлік сағат 06:00-22:00 аралығында жүреді. Автобустар әдеттегідей дезинфекцияланады. Жүргізушілер қауіпсіздік шараларын сақтайды: бетперде тағады, қолғап киеді және антисептик пайдаланады. Санитарлық нормаларды сақтау, яғни бетперде тағу жолаушылардан да сұралады. ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 10 мамырдағы қаулысына сәйкес, жолаушыларға қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды», - делінген CTS компаниясы таратқан ақпаратта.

Компания мәліметінше, ҚР Бас санитарлық дәрігері қаулының орындалуын көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері бақылайды. Олар қоғамдық көліктегі санитарлық нормалар туралы түсіндіру жүмыстарын жолаушылармен күнделікті жүргізеді. Жолаушы бетперде тағудан бас тартқан жағдайда, автобустан түсу сұралады.

Жүргізушілерге автобустағы жүктеме 50 пайыз аспауы керек деген талап сақталады.

Жол ақысын қолма-қол ақшасыз жүргізу қажет. Ол үшін көліктік карта, балама төлем түрлері қарастырылған – SMS, QR-код және мобильді қосымшалар.

Естеріңізге сала кетейік, 28 наурыздан бастап қосымша тарифтер енгізілді. 18 жасқа дейінгі балалар көліктік картамен елорданың қоғамдық көлігінде тегін жүреді.


Жоғары қарай