Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұр-Сұлтанда халық көп жиналатын орындарда ауқымды дезинфекция жасалады

2020 жылдың 14 шілде 2020 21:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда халық көп жиналатын орындарда (саябақ, сквер, гүлзар, жағалау және басқа жерлер) ауқымды дезинфекция жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дезинфекция таңғы сағат 6-7-де басталады. Өңдеу кезінде қала тұрғындары адам көп жиналатын орындарға бармағаны жөн.

Қаланы өңдеуге коммуналдық сала қызметтерімен бірге ТЖД мен мамандандырылған компания қызметкерлері қатысады. Дезинфекция жұмыстары жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізіледі.

Қалалық бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, СОО, базарлар, ТД және басқа да көпшілік жиналатын орын басшылары жұмыс орындарында дезинфекция жүргізуі тиіс.




Қалада барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақта дезинфекция жасалды. Дезинфекция тұрақты түрде жүргізіледі.

5 шілдеден 2 тамызға дейін елімізде шектеу шаралары енгізілді. Қала тұрғындары санитария нормаларын қатаң сақтап, маска тағып, антисептик қолданып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.





Жоғары қарай