Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда ер адам бесінші қабаттан құлады

2021 жылдың 11 тамыз 2021 22:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда сол жағалауда ер адам бесінші қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«11 тамыз күні сағат 18.28-де полицияның 102 нөміріне түрлі жарақаты бар ер адамның ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері оқиғаның Достық көшесінде болғанын, онда 34 жастағы ер адамның 5-ші қабаттың терезесінен құлап кеткенін анықтаған. Оқиға кезінде ер адам үйде жалғыз болған», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Департаменттің хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай