Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда бірнеше рет пәтерге ұрлыққа түсті деген күдікпен екі адам ұсталды

2021 жылдың 24 қараша 2021 21:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екі күдікті қазан айының соңында елордаға келіп, осы уақытқа дейін сегіз рет ұрлыққа түскен. Олар қала аумағындағы жеке меншік сектордағы үйлерге терезені бұзу арқылы кіріп отырған. Алтын бұйымдар, компьютерлік техника, ұялы телефон, ойын приставкасы және басқа да заттарды ұрлаған. Оларды жабық базардағы алып-сатарларға сатып отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде «Сарыарқа» ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының 30 және 25 жастағы екі тұрғынын ұстады. Күдіктілер бұған дейін ұрлық және тонау фактілері бойынша бірнеше рет сотталған болып шықты. Қазіргі кезде олардың Алматы қаласының аумағында жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр. Одан бөлек, бір күдікті 2021 жылдың сәуірінде Алматы облысында бес рет пәтерге ұрлыққа түскені үшін бас бостандығынан айырылған.

Қазіргі кезде ұсталғандар жасаған қылмыстарын мойындады, олардың астана аумағында жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда. Күдіктілер Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, сот алды тергеу жүріп жатыр.


Жоғары қарай