Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Нұр-Сұлтанда бірнеше көше жабылады

2020 жылдың 24 мамыр 2020 19:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік жүргізушілер кептелістің алдын алу үшін маршрутты алдын ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, 23-27 мамыр аралығында С. Торайғыров көшесінің бойы мен С.Сейфуллин көшесі учаскесінде Ә.Жангелдин көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Ал 24-29 мамыр аралығында - Сәтпаев көшесі бойы мен Момышұлы көшесі учаскесінде Мұңайтпасов көшесіне дейін жөндеу жүргізіледі.

Осыған байланысты аталған аудандарда көлік қозғалысы толығымен жабылады. Сәтбаев көшесінде асфальтбетон төсемесінің үстіңгі қабатын жабу жұмысы жүргізіледі.

«Қала жолдарын жөндеу Достық көшесінде де жалғасып жатыр. Жөндеу Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейін жүреді. 24 мамыр мен 10 маусым аралығында Сауран көшесінен Мәңгілік ел даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған», - деп хабарлайды қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған орай, елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс болмас үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек.


Жоғары қарай