Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Нұр-Сұлтанда бір айға жететін азық-түлік қоры бар

2020 жылдың 21 наурыз 2020 16:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Инвестистициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев қаладағы азық-түлік қоры туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша бүгін таңертең қала әкімімен бірге сауда және азық-түлік орталықтарын аралап, олардың үздіксіз жұмыс істеп жатқанын көрдік. Бүгінгі таңда қалада азық-түлік өнімдерінің шамамен бір айлық нормада жеткілікті көлемі бар. Бұл азық-түлік жеткізудің әдеттегі кестесіне сәйкес келеді», - деді спикер қала әкімдігінде өткен онлайн-брифингте.

Сонымен бірге, спикер азық-түлік пен негізгі қажеттіліктер бағаның көтерілмеуі маңызды екенін атап өтті.

«Көкөніс бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жеткізушілерімен 1,3 млрд теңгеге өнім жеткізу келісімі бар. Бұл қаражат жергілікті бюджеттен тұрақтандыру қорына бөлінген. Өткен жылы біз 8 тонна ұн сатып алдық, бұл – бір жыл бойы нанмен қамтамасыз етуге жетеді. Бұл өнімдер барлық ірі сауда желілері мен базарларда сатылатын болады», - деді Ерлан Бекмырзаев.

Бұған дейін басқарма басшысы карантин кезінде жұмысын тоқтатпаған мейрамханалардың жауапқа тартылғанын хабарлаған еді.


Жоғары қарай