Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда бір аптада 200-ден аса карантин бұзу фактісі тіркелді

2020 жылдың 25 шілде 2020 13:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының мобильді топтары бір аптада 227 карантин ережесін бұзу фактісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір апта ішінде полицейлер, эпидемиологтар, волонтерлер, жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған мобильді топ Нұр-Сұлтан қаласында 227 карантин тәртібін бұзу фактісін тіркеді.

Оның 146-сы маска тағу мен әлеуметтік қашықтықты сақтау сынды міндетті талаптар болса, 81-і тыйым салынған уақытта қызметін жалғастырған кәсіпкерлерге қатысты.

Қазіргі уақытта астанада мониторинг жасайтын 16 мобильді топ бар.

Полицейлер ойын-сауық орындары, қоғамдық тамақтану объектілері, сауна, монша, аттракциондарды тексеріп, олардың иелеріне карантин ережелері туралы ескертеді. Сонымен қатар карантин ережесін бұзу фактілерін анықтайды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындардағы ережеге жауапкершілікпен қарап, санитария талаптарын сақтауға шақырады.

Коронавирус таралмас үшін полицейлер мен волонтерлер тұрғындарға карантин тәртібін сақтау мен жеке қорғаныс құралдарын тағудың маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.


Жоғары қарай