Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұр-Сұлтанда бекетті бұзып өткісі келген тұрғын 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

2020 жылдың 22 наурыз 2020 19:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оқиға елорда маңындағы Қосшы ауылына баратын жолдағы блок бекетте болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«22 наурыз күні таңғы сағат 03.35-те «BMW» автокөлігін тізгіндеген 30 жастағы жүргізуші алкогольді ішімдікке мас күйінде блокбекетті бұзып өткісі келді. Ер адам төтенше жағдай жарияланған аумақта қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметтік міндеттерін артқарып жүрген ішкі істер органы қызметкерлерінің талабына бағынбаған», - деп жазды Polisia.kz.

Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 478-бабы (Төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттері, ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау) және 608-бабы (Алкоголь, есірткі немесе өзге де жүйкеге әсер ететін заттардың қабылдап мас күйінде көлік құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Нұр-Сұлтан қаласы арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқықбұзушы 15 тәулікке қамауға алынды және көлік жүргізу куәлігінен 7 жылға айырылды. Одан бөлек, 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетсек, 22 наурыз күні сағат 00.00-де Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіріп-шығу уақытша тоқтатылды.


Жоғары қарай