Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда 28 тамыздан бастап бірқатар шектеулер жеңілдейді

2021 жылдың 27 тамыз 2021 23:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 28 және 30 тамыздан бастап елордада кейбір шектеу шаралары жеңілдетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған.

Атап айтсақ, 28 тамыздан бастап:

- демалыс күндері «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің бәрінде жұмыс уақыты сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшыларының жұмыс уақыты сағат 02.00-ге дейін ұзартылады.

«Жасыл мәртебе» талабы облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақүйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, ЖОО, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды», - деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ, сенбі күндері қалаішілік қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат берілмек.

Ал 30 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілердің бәріне жұмыс уақытын жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылады.


Жоғары қарай