Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Нұр-Сұлтан қаласында Неміс киносының күндері өткізіледі

2019 жылдың 10 қараша 2019 03:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада неміс фильмдері көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстандағы Гёте институтына сілтеме жасап.

«Қазақстандағы Гёте институты елордадағы Chaplin Mega Silk Way кинотеатрымен бірлесіп Заманауи неміс киносының күндерін өткізеді», делінген институттың Facebook-тегі парақшасында. Фильмдер көрсетілімі 17-20 қараша аралығында өтеді. Кинолар неміс тілінде, субтитр орысша болады. Тегін билет көрсетілім күні кассада беріледі.

«Құрып кеткір, Гете» (2013 жыл) «Оствинд» (2013 жыл), «Ата-ана» (2014 жыл), «Көктемнен соң күз келеді» (2015 жыл), «Баухаус рухы» (2018 жыл) фильмдері көрсетіледі.

Жоғары қарай