Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік қоры жеткілікті

2020 жылдың 14 наурыз 2020 17:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада азық-түлік қоры жеткілікті.Бағаны тұрақтандыру бойынша 2 бағытта жұмыс жүргізілуде деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, тұрақтандыру қоры құрылған, сауда желілерін жеңілдікпен несиелендіру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. «Айналым схемасы» жобасына «Magnum», «Астықжан», «Кенмарт», «Small», «Шапағат», «Еуразия», «Артем», «Биг Шанхай» сияқты сауда орындары қатысады, сондай-ақ ет пен жарма бойынша жеткізушілер анықталды. Дүрлігуге себеп жоқ, азық - түлік жеткілікті мөлшерде.




Сондай-ақ, әлеуметтік нан бағасын ұстап тұру мәселесі қарастырылды. Тұрақтандыру қорының ұн қоры толықтырылып, қаланың наубайханаларына қолдау көрсетілуде.

Бұған қоса ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу бағаны ұстап тұруға және өнімді нарықтық бағадан төмен сатуға мүмкіндік береді. Жәрмеңкелер маусымы «Аспан базар» сауда үйінде басталды және сәуір айына дейін әр сенбі мен жексенбі күндері ұйымдастырылады.





Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Азық-түлік,
Жоғары қарай