Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы қамауға алынды

2020 жылдың 4 маусым 2020 13:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол «Наурыз мейрамы-2020» мерекесін тойлауға орай жалпы сомасы 195 миллион теңгеге іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісімшарт бойынша қамқорлық көрсету үшін 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», - деп мәлім етті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Оның айтуынша, тергеу сотының санкциясымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда.


Жоғары қарай