Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

2021 жылдың 27 тамыз 2021 23:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша тұрғындар мен қала қонақтарына бұқаралық іс-шараларға қатысуға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:

- бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық шараларға, банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу сияқты отбасылық, еске алу іс-шараларды үйде өткізуге және оларға қатысуға, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салынсын», - деп жазылған құжатта.

Қаулы бойынша Ashyq жобасына қатысатын объектілерде еске алуды өткізуге рұқсат етілетіні де айтылған.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатыспайтын боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, бильярдқа, караокеге, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық объектілерде орналасқандардан мұзды және роликті сырғанақтарға баруға рұқсат етілмейді.

Осы қаулы 2021 жылғы 28 тамызда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.



Жоғары қарай