Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтан әуежайында және вокзалында вакцинация пунктілері ашылды

2021 жылдың 27 қыркүйек 2021 23:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада тағы екі вакцинация аймағы ашылды. Азаматтарды КВИ-ға қарсы вакцинациямен қамту мақсатында егу пунктері «Нұрлы жол» теміржол вокзалында (жаңа вокзал) және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Осы тармақтарда бірінші және екінші компонентті екпені алуға болады. Вакцинаның қолда бар дозаларын салдыруға мүмкіндік бар.

Бүгінгі таңда елордада екпенің 3 түрі бар: ресейлік «Спутник V», отандық QazVac вакцинасы және қытайлық Sinopharm VeroCell препараты.




«Жалпы, қалада бірінші компонентпен тиісті контингенттің 66%-дан астамы қамтылған. Осы жұмысты жақсарту және халықты көбірек қамту мақсатында біз вакцинация пунктерін тағы екі ұйымда – көптеген азаматтар жиналатын жерлерде орналастырамыз», - деп атап өтті басқармадан.




«Нұрлы жол» вокзалындағы вакцинация аймағы 4-қабатта, әуежайда 1-қабатта халықаралық және ішкі терминал арасындағы өткелде орналасқан.

Жұмыс кестесі - күн сайын сағат 10:00-ден 20: 00-ге дейін.

«Коронавирусқа қарсы екпе алуда халыққа қолайлы болу үшін барлық шаралар қабылданды. Азаматтар екпенің көмегімен ғана пандемияны жеңе алатынымызды есте сақтаса екен деймін. Біз инфекцияны жеңуге жақындап қалдық деуге болады, бірақ вирус әлі де бар. Барлығы өзіміздің қолымызда– вакцинацияға саналы қарым-қатынас таныту, коронавирус ауруын таратпау азаматтық міндетіміз», - деп атап өтті ведомствода.

Қазіргі уақытта қала бойынша сауда ойын-сауық орталықтары және сауда үйлері жанында 5 вакцинация пункті орналасқан: «Керуен», «Хан Шатыр», «Азия Парк», «Абу Даби Плаза» сауда ойын-сауық орталықтары және «Евразия» сауда орталығы.

Вакцинация пунктері медициналық мекемелерде де орналасқан.

Барлығы 84 вакцинация пункті, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда.


Жоғары қарай