Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Nur Otan праймеризі: ШҚО-ның алты ауданында ашық пікірсайыс басталды

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 22:40

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының алты ауданында праймериз кандидаттарының ашық пікірсайысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы ШҚОФ баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандық филиалдардың атынан праймеризге қатысушылар пікірсайыс барысында тұрғындарды мазалайтын сұрақтарды талқылап, өз бағдарламаларын таныстырды.

«Алтай ауданы бойынша Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы туристік инфроқұрылымды жақсарту қажеттігі, сондай-ақ Жаңа Бұқтырма кентіндегі қазақ мектебі орналасқан ғимараттың заман талабына сай емес екендігі сөз етілді. Дипломмен ауылға бағдарламасы аясында жас мамандарды ауылдық жерлерге тартуды және шаңғы спортын дамыту үшін жаттықтырушыларға қосымша жұмыс орнын ашу мәселесін Шемонаиха ауданының праймеризге қатысушы үміткерлері көтерді», - делінген хабарламада.

Семей, Курчатов, Бесқарағай, Катонқарағай аудандарында өткен ашық пікірсайысқа қатысушылар да өңірлердегі әлеуметтік мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарымен бөлісті.


Жоғары қарай