Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Nur Otan»: праймеризі: ШҚО-да кандидаттар қандай мәселелер көтерді

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 10:59

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясы праймеризінің ашық пікірсайысына 50-ден астам үміткер қатысып, қоғамның әр саласындағы өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық фииалы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстың аудан орталықтарында өткен пікірсайыста праймеризге қатысушылар өз бағдарламаларында елдімекендердегі түйткілді мәселелерді сөз етті.

«Ауылды жерлерде тұратын халықты сапалы ауызсумен толықтай қамтамасыз ету, жол мәселесі, білім саласындағы проблемалар мен медицинадағы өзекті сұрақтарды өз бағдарламамның басым бағыттарына жатқызамын», - деді үміткерлердің бірі Дархан Абулханов.

Пікірсайыстың бірінші кезеңінде қатысушылар өз бағдарламаларын таныстырса, екінші кезеңінде сұрақтарға жауап береді. Дебатты онлайн көріп отырған дүйім жұрт спикерлерге өз сауалдарын әлеуметтік желі арқылы қоюға мүмкіндік алды.

«Еліміз егемендік алған күннен бастап өзге елдегі қандастарымыз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Нұрлы көш» бағдарламасы арқылы атамекенге оралуға мүмкіндік алды. Бүгінгі күнге дейін миллиондаған бауырларымыз Отанына келіп табысты қызмет етуде. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар да бар. Десе де қандастарға қатысты мәселелер аз емес, атап айтқанда азаматтық алудағы түрлі қиындықтар, баспанамен қамту, ортаға бейімдеу жұмыстарын жүргізу сынды мәселелер шешуді қажет етеді», - деді праймеризге қатысушы Әскерхан Хуанбай.

Өскемен қаласында өткен пікірсайысқа «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Айта кетейік, өткір мәселелер талқыланған ашық пікірсайыстар 30 қыркүйекке дейін жалғасады.


Жоғары қарай